Аққулылықтар ойын алаңдарын тазалады

Аққулылықтар ойын алаңдарын тазалады
Фото: Аққулы ауданының ішкі саясат бөлімі

Бұл шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аққулы ауданының орталығында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза FEST» экоакциясы ұйымдастырылды. Шара аудан жастарының, тұрғындардың, балалардың  бойларына экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.

– Балалар алаңдарын абаттандыру, көріктендіру жазғы мерзімде балалардың қауіпсіз ойын-сауық уақыттарын өткізуді қамтамасыз етеді. Балалар баршамен бірге ойнайтын алаңдарын жинақтап, экомәдениеттілікке баулиды, – дейді ұйымдастырушылар. 

Бұл іс-шараға маслихат, «AMANAT»  депутаттары, жастар, балалар, ата-аналар, ата-әжелер қатысты.

Айта кету керек, шара соңында ең үлгілі, белсенді бала марапатталды.