Павлодарлықтар эко сенбілікке шықты

Павлодарлықтар эко сенбілікке шықты
Фото: Жұлдыз Жұмақанова

Акция Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Экология департаменті басшысының орынбасары Әсет Сыздықов түсіндіргендей, іс-шара Павлодар облысы әкімдігінің қолдауымен өтті.

– Өткен жылы елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетінің тұжырымдамасы әзірленді. Екі жыл ішінде көптеген іс-шаралар, сенбіліктер, ағаш отырғызу акциялары ұйымдастырылды және өткізілді. Неліктен біз бұл орынды таңдадық? Себебі павлодарлықтар бұл жерді демалу үшін жиі таңдайды және соның салдарынан мұнда көп қоқыс қалады, – деді спикер.

Ол қала тұрғындарын қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және таза ауадаға демалыстан кейін өз отырған жерлерін мұқият тазалауға шақырды.

Экологиялық сенбілік Усолка жайылмасында отызға жуық адамды жинады. Бірнеше сағаттық жұмыс барысында олар көптеген қоқыс қаптарын жинады.

Акция еріктілерді, экологиялық белсенділерді және бей-жай қарамайтын қала тұрғындарын біріктірді.