Павлодарда ең тапқыр отбасылар анықталды

Павлодарда ең тапқыр отбасылар анықталды
Фото: Константин Шелков

Аталмыш байқауға 32 команда қатысты, хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Білім беру бөлімінің мәліметінше, ата-аналармен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығы отбасылық олимпиада ұйымдастырды. Аталмыш іс-шара рухани және мәдени зияткерлік дәстүрлерді сақтайтын ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын ретінде отбасылық ошақтың маңыздылығы мен құндылығын өзектендіруге бағытталған.

Олимпиадаға «Ұлы адамдар», «Кроссворд», «Мені тап», «Сиқырлы мақал-мәтелдер», «PROF CITI», «Отбасы ағашы» атты алты турда ата-аналармен бірге қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 4-сыныптарының 96 оқушысынан тұратын 32 команда қатысты.

– Жарыстың шарттары бойынша қатысушылар өздерінің білімдері мен дағдыларын, ептілігін кроссвордтар мен сөзжұмбақтарды шешуде, отбасылық дәстүрлерді сипаттауда, мақал-мәтелдер, фотосуреттер бойынша танымал тұлғаларды болжауда тапқырлықтарын көрсетті, – дейді ұйымдастырушылар. 

Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан 17 команда «Павлодар дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Бірінші орынды –  «Отбасылық олимпиада» кубогын № 26 мектептің Нұрлыбек отбасы иеленді. 

Екінші орынды №7 мектептің Әбдішім, № 25 мектептің Дүйсенбай, Малайсары батыр атындағы мектептің Дүйсенбі, Б. Момышұлы атындағы мектептің Дабылхан, С. Торайғыров атындағы мектептің Черкашиндер, Ж. Тәшенев атындағы мектептің Тезекбаевтар, Кенжекөл мектебінің Қайрат отбасылары иеленді. 

Ал үшінші орынға №2 мектептің Қабдолла, № 11 мектептің Ержановтар, № 24 мектептің Жиенбек, № 35 мектептің Әбілқасым, № 36 мектептің Байтен, № 43 мектептің Қайыртас, Қ. Мақпалеев атындағы мектептің Артемовтар, Қ. Бекхожин атындағы мектептің Қабиден, М. Жүсіп атындағы мектептің Жақсылық отбасылары ие болды.