Павлодарлық депутат мектеп инспекторларын қайтаруды ұсынды

Павлодарлық депутат мектеп инспекторларын қайтаруды ұсынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мектеп инспекторлары балалар арасындағы қылмыс көрсеткішін төмендетуге мүмкіндік берер еді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

VIII сайланған Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Елена Яровенко кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторларды мектептерге қайтару туралы өтінішпен «AMANAT» партиясы орталық аппаратының басшысы Мәди Оспановқа жүгінді.

– Қазақстан Республикасының Білім министрі Гайни Бейсембаевтың жеке қабылдауы барысында осы мәселені көтердім. Министр бұл бастаманы қолдап, ресми сұрау жолдауды сұрады, – деді Елена Яровенко.

Депутат шамамен төрт жыл бұрын еліміздің барлық мектептерінен инспекторлар алынып тасталғанын еске салып өтті. 

– Бүгінгі статистика мектеп қабырғасында және одан тыс жерлерде де балаларға қатысты қылмыстың өсуін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда тиісті жұмыстар атқарылды. Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар мектептерде болған кезде әрбір тәртібі төмен бала инспектордың назарында болатын. Бірден ата-аналармен және сол баламен мектеп қабырғасында жұмыс жүргізілді, – дейді ол. 

Елена Яровенко инспекторларды мектептерге қайтару мәселесін қарауды сұрады.