Павлодарлық жас музыканттар халықаралық фестивальде шеберлік танытты
Өнерпаздар Алматы мен Астана төріндегі өткен конкурстарда жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінің үш оқушысы Алматыда өткен «Күншуақ» халықаралық фестиваль-конкурсында «Аспаптық музыка» номинациясы бойынша лауреат атанды.
5-сынып оқушылары Данайым Молшина және Аружан Рахимова І орынды, 1-сынып оқушысы Асанәлі Қонқаев II орынды иеленді. Жас музыканттар өздерінің виртуоздық пианинода ойнауын көрсете білді.
– Осындай байқаулар музыка мектебі үшін өте маңызды болып табылады. Олар табысқа жету жағдайын сезінуге, жеңіске деген құштарлықты тәрбиелеуге, орындаушылық шеберліктерін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді, – деді мектеп басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нұрлан Қайшанов.
Жеке және ансамбльдік ән айту бөлімінің төртінші курс оқушысы Анжелика Сундеева «Viva Astana» Италия-Қазақстан X халықаралық вокалдық-аспаптық конкурсында Алексей Олханскийдің сөздері мен музыкасына «Вернись, моя мечта» әнін орындағаны үшін бірінші орын алды. Мәскеуде өткен «Фейерверк талантов-2023» халықаралық балалар-жасөспірімдер шығармашылығы конкурсында дәл осындай нәтижені көрсетті. Ол эстрадалық вокал номинациясы бойынша «Где мы будем завтра» әнін орындап, I орын иеленген болатын.