Павлодарлық дәрігер: Қоғамның ЭКО-ға деген көзқарасы өзгерген
Мемлекет тарапынан да тегін квоталар бөлінуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Гүлнар Жармакина мәлім етті.
– Бұл бағдарлама бастапқыда жүзеге асырыла бастағанда қарсы шыққандар болды. Ерлі-зайыпты жұптар отбасылық шешім бойынша бас тартқандарын айтатын. Дінді ұстанған адамдар болады. Әрине, бұл – олардың құқықтары. Бірақ соңғы кездері қоғамның көзқарасы өзгеріп келеді. Мемлекет тарапынан тегін квоталар бөлінеді. Бұл елдегі демографияны жақсарту ғана емес, мемлекеттік қолдауды пайдалану мүмкіндігі, – дейді Гүлнар Жармакина.
Спикер бүгінгі таңда процедураны қабылдау бойынша жұптардың жастары ұлғайтылғанын атап өтті.
– Бұған дейін ЭКҰ процедурасын қабылдау 18 жастан 42 жасқа дейін болса, 15 ақпандағы енгізілен өзгерістер бойынша шектеу 18 жастан 49 жасқа дейін кеңейтілді, – дейді Гүлнар Жармакина.
№5 емхананың әйелдерге кеңес беру бөлімінің меңгерушісі Ирина Шмакова экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасына қатысқан әйелдер тоғыз ай бойы бақылдауда болатынын атап өтті.
– Бізге жүктілікпен келетін әйелдерді тоғыз ай бойы бақылаймыз. ЭКҰ-дан келген әйелдер мұқият бақылауды талап етеді. Олар реподукологтың консультативтік парақшасымен келеді. Диспансерлік тізімге келгенде жеке жоспар құрылады. Жүктіліктің алғашқы қауіпті тримсетрі ерекше бақылауға алынады, – дейді Ирина Шмакова.
Айта кетейік, 2021 жылы «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы бойынша ЭКҰ тегін рәсіміне – 290 квота, 2022 жылы – 281 квота, 2023 жылы 269 квота бөлінді.