Павлодарлық дәрігерлер адам төзгісіз дерттің емін тапты
Әйелге құны 1,5 миллионнан асатын операция жасалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Шідерті ауылының тұрғыны Ирина Алехинаның ұзақ жылдар омыртқасы ауырып келген. Ол остеохондроз бойынша емделген. Алайда ол адам төзгісіз ауырсынудан кейін ауруханадан көмек сұраған. Оған екінші бел омыртқасының гемангиомасы диагнозы қойылды.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл отаның құны 1,5 миллион теңгеден асады. Науқасқа ота міндетті медициналық сақтандыру аясында тегін жасалған.
- Төрт жыл бойы менің арқам мені мазалап келді. Маған қате диагноздар қойылып келген еді. Ақырында нақты диагнозым қойылып, операцияның МӘМС бойынша тегін жасалғанына қуаныштымын. Ота 24 қазан күні жасалды. Қазір өзімді жақсы сезінемін, - дейді Ирина Алехина.
Ақ желеңділер мұндай патология пациенттерде жиі кездесетінін еске салады.
- Айына осындай сегіз операцияны жасаймыз. Терінің, сүйектердің, қабырғалардың немесе омыртқаның гемангиомалары осы науқаста кездеседі. МӘМС бағдарламасы бойынша науқасқа жоспарлы тәртіпте операция жүргізілді. Операция омыртқа гемангиомасына сүйек цементін жүргізу, яғни оны жою және қуысты сүйек цементімен толтыру болды, - деп түсіндірді 1-ші қалалық аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Дәурен Сафиулла.
Дәрігерлер тұрғылықты жері бойынша емханаларда жоспарлы тексерулерден және скринингтерден өту қажет екенін қайталаудан жалықпайды. Соның арқасында ауруды ерте кезеңдерде анықтауға болады.
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі барлық сақтандырылған азаматтар үшін кірістер мен аударымдардың мөлшеріне қарамастан сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Жедел жағдайлар мен хирургиялық араласулардан кейін қалпына келтіру ОС МӘМС пакетінде де қолжетімді болады. Әр адам медициналық ұйымды өзі таңдай алады – жеке немесе мемлекеттік, онда ол тексеріліп, емделеді, - деп түсіндірді "ӘМСҚ" КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Жангелді Шаймбетов.
Жоғары технологиялық медициналық көмек және оның жекелеген түрлері МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек тізбесіне кіреді. Яғни медициналық сақтандыру қорының дерекқорына енгізілген клиникалар пациенттерге медициналық қызмет көрсете алады.