Павлодарда автотұрақта ес-түссіз жатқан адам табылды

Павлодарда автотұрақта  ес-түссіз жатқан адам табылды

Қалада жедел жәрдем қызметкерлері тәулігіне екі сәтті реанимацияны орындады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, реанимациялық іс-шараны қолдануға тура келген алғашқы шақыру сағат 07:45-те түскен.

– Өкпе артериясының эмболиясы деген күдікпен 77 жастағы ер адам клиникалық өлім жағдайына түсті. Жедел жәрдем 7 минут ішінде орынға жетіп, науқасты реанимациялады. Ол шұғыл түрде  Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, тағы да бір жағдайда 58 жастағы ер адам клиникалық өлім аузынан аман қалды. Павлодар автотұрақтарының бірінде  тіршілік белгілері байқалмайтын адам табылғаны туралы хабарлама сағат 13:49-да түскен. 103 қызметкерлері 9 минуттан кейін келіп, реанимациялық көмек көрсетті. Жедел жәрдем қызметкерлері денесі қатты суыған науқасты аман алып қалды.  

Айта кетейік, екі азамат та облыстық ауруханаға жеткізілді