«Ертіс» алғашқы футболшымен келісімге келді

«Ертіс» алғашқы футболшымен келісімге келді
Фото: «Ертіс» ФК

Жаңа жылда павлодарлықтар Бірінші лигада өнер көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Клубтың Instagram желісіндегі ресми аккаунты команда ардагері Владимир Воменкомен келісімшарт ұзартылғаны туралы хабарлады. Екібастұз футболының түлегі өткен жылы Екінші лигада 17 матч, сондай-ақ «Ертістің» Қазақстан кубогындағы төрт матчының барлығында да өнер көрсетті. «Ертіс» сапындағы ойындарда 29 жастағы сол қапталдағы ойыншы төрт нәтижелі пас берді.

Жартылай қорғаушы туған жеріндегі «Екібастұз» бен «Ертістен» бөлек, «Атырау» сапында, сондай-ақ Ресейдің Екінші лигасында «Знамя труда» ұжымындарында өнер көрсетті. Сондай-ақ кезінде Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрамаларына қабылданды.

Бұл бес дүркін чемпиондардың 2025 жылғы алғашқы трансферлік жаңалығы. Биыл павлодарлықтар Қазақстан футболының элитасына қайта оралу үшін күреске кіріспек. Бәсекелестік әбден қыза түсетіні анық.

Маңыздылығы жағынан екінші дивизиондағы біріншіліктегі басты бәсекелес – қарағандылық «Шахтер» қазірдің өзінде ұлттық құраманың қақпашысы Игорь Шацкийді қайтарып үлгерді. Шамасы, кеншілер қай жағынан болса былтырғы сүреңсіздіктерге жол бермеуге әбден бел буған көрінеді.

«Ертіс» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Павлодарда өткізеді, одан кейін Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері Ташкентке, ал маусым басталар алдында Шымкентке барады.