Павлодарлық еріктілер жемқорлыққа қарсы семинар өткізді

Павлодарлық еріктілер жемқорлыққа қарсы семинар өткізді

Оған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 50-ден астам комплаенс-офицері қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше,  «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асыру шеңберінде комплаенс қызметтерінің жетекшілерін оқыту бойынша семинар-тренинг өтті. Ол жерде тәжірибелі комплаенс-офицерлер жас мамандармен жұмыстың практикалық дағдыларымен бөлісті.

–  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының мақсаты белсенді азаматтарды, мемлекеттік органдарды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке волонтер ретінде тарту болып табылады, – деді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов.

Аталған жоба бағыттарының бірі «Probono» еріктілігі болып табылады. Ол азаматтар мен еңбек ұжымдарына тегін құқықтық көмек көрсетуді, комплаенс-офицерлерді практикалық оқытуды білдіреді. 

Негізгі спикерлерТорайғыров университеттің комплаенс-офицері Жанна Матенова, «Extension» орталығының директоры, аудитор Гүлнара Исенова болды.

Айта кетейік, Торайғыров университеті – ISO 37001 стандарты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджментінің халықаралық жүйесін енгізген өңірдегі алғашқы ұйымдардың бірі және елдегі екінші жоғары оқу орны болып табылады.