Павлодарда ЭТТД бастығы кәсіпкерлерді жеке қабылдайды

Павлодарда ЭТТД бастығы кәсіпкерлерді жеке қабылдайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Алдын ала жазылу телефон арқылы жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

23 мамыр күні сағат 11:00-ден 12:00 аралығында облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастығы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында бизнес өкілдерін жеке қабылдайды.

Кездесуге облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік және салалық кеңес мүшелерін, сондай-ақ бизнес субъектілерін шақырады.

– Мемлекеттік органдар басшыларымен құқық қолдану тәжірибесін талдау және түсіндіру мақсатында тұрақты семинарлар мен «дөңгелек үстел» отырыстары өткізіліп тұрады. Бұл – кәсіпкерлер мен билік өкілдерінің ашық диалог алаңы, – деді «Атамекен» ӨКП директоры Ерқанат Әбенов.

Жеке қабылдау кәсіпкерлікке қатысты проблемалық мәселелерді талқылау және шешу мақсатында, бизнесті қорғау шеңберінде ай сайын ұйымдастырылады.

Алдын ала жазылу үшін 660311 нөміріне, ішкі 5518 арқылы хабарласуға болады.