Павлодарлық фотографтың Өзбекстан туралы көрмесі көрерменге жол тартты
Автордың 60-қа жуық фототуындылары ұсынылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Дарынды суретшілер мен фотографтардың жаңа есімдерін ашу С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың игі дәстүріне айналды. Бұл жолы «Айна» галереясында көрермендердің назарына алғаш рет Лина Сорокина фото жұмыстарын таныстырды.
Ол Павлодарда танымал портреттік фотосурет шебері. Өзін ер адамдарды суретке түсіретін фотограф деп санайды. Дегенмен, әйелдер мен отбасылық фотосуреттерді де түсіруге қабілеті бар. Аталмыш көрме - автордың алғашқы дебюті.
«Өзбекстан» көрмесінің ерекше екенін бірден атап өткен жөн. Хива, Самарқанд, Бұхара сияқты ежелгі қалаларды аралап жүріп, фотограф ең алдымен олардың көрікті жерлерін, экзотикасын, көне ғимараттардың сәулетін түсіретін сияқты.
Өзбекстан – таңғажайып ел, қазіргі заман заңдарына сәйкес өмір сүретін нағыз шығыс ертегісі. Ежелгі ескерткіштердің көптігі, оның сәулеті ерекше таң қалдырады. Мәселен, күмбездері мен мұнаралары бар нағыз шығыс сарайларын атап өткен жөн.
Лина өз жұмысында өзінің сүйікті жанрына – портретке ерекше назар бере отырып, табиғи реңктердің түс схемасы арқылы Шығыс дәмін жеткізе алды. Мұнда қолөнершілер мен саудагерлер, қажылар мен үйсіздер, мектеп оқушылары, көшеде өтіп бара жатқан адамдар бар.
Айта кетейік, көрме 29 мамырға дейін жұмыс істейді. Барлық ниет білдірушілер керемет фотомастер Лина Сорокинаның жұмысымен танысуға мүмкіндік алады.
Кіру тегін.