Павлодар футбол сүйер қауымның арманы орындалды

Павлодар футбол сүйер қауымның арманы орындалды

Жақын арада павлодарлықтар сүйікті командасына жанкүйер бола алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Орталық стадионда қайта жаңғырған «Ертіс» футбол клубының тұсаукесері өтті. Күннің салқындығына қарамастан, стадион мінберлеріне біраз жанкүйер жиылды. Клуб басшылығы мен персоналы да барынша мереке сыйлауға тырысты. Павлодарлықтар командасын қатты сағынғаны сезілді.

- Арманымыз орындалды, «Ертіс» қайта тірілді, - деді Тимур Байжанов. – Облыс әкімі, клуб басшылығына алғысымыз зор. Команда түгелдей павлодарлық жігіттерден құрылды. Біз Бірінші лигада бірінші орын алуымыз керек, сондықтан 9 сәуірде баршаңызды стадионға шақырамын.

«Ертістің» бас бапкері Сергей Якушин де сезімдерімен бөлісті. Ол жанкүйерлер мен қолдау білдірген облыс әкімі Асайын Байхановқа зор алғыс білдірді.

- Бүгін тарихи күн. Осындай күнге жеткеніміз үшін облыс әкіміне рахмет! «Ертіс» Павлодар – бұл сіздер мен біздер. Баршаңызға рахмет, - деді Сергей Якушин. 

Ойыншылар жанкүйерлеріне қолтаңбалар бар доптар мен карточкалар сыйлады. Жанкүйерлер сүйікті футболшыларымен фотоға түсті.

Айта кетейік, «Ертіс» Екінші лига аясындағы тұңғыш кездесуін 9 сәуірде «Тобыл М» командасына қарсы ойнайды. Матч Павлодарда сағат 17.00-де басталады.

Фото: Константин Музалевский