Павлодарлық футболшылар Шымкентте ән шырқады
«Ертіс» ойыншылары жерлесінің хитін орындады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ойыншылар екі командаға бөлініп, өзара жаттығу матчын өткізді. Жеңілгендерге «Ертіс» гимнін орындауға қолқа салды. Григорий Сартаков, Руслан Есімов пен Изат Күлжанов бастаған футболшылар мен жаттықтырушылар Серік Мұсалимовтың «Футбольная команда «Иртыш» атты әнін шырқап берді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Естеріңізде болса, Шымкентте Қазақстанның бес дүркін чемпиондары екінші оқу-жаттығу жиынын өткізуде. ОЖЖ аясында «Ертіс» үш жолдастық кездесу өткізді: «Түркістан» (0:0), «Ордабасы М» (2:0) және «Ақжайық» (1:0).
Келесі кездесуді команда «Таразға» қарсы өткізеді. Ойын 28 ақпанға жоспарланған. Шымкенттегі ОЖЖ 29 ақпанға дейін жалғасады.
«Ертіс» маусымды Қазақстан Кубогі ойындарымен бастайды деп күтілуде. Әзірше қарсыластар мен ойындар өтетін күндері белгісіз. Былтыр Кубоктің топтық турнирі наурыз айының ортасында, ал Екінші лига чемпионаты сәуірдің орта шенінде басталған еді.