Павлодарлық футболшылар тәжік металлургтерімен ойнайды

Содан соң «Ертіс» «шекарашыларға» қарсы кездеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екінші оқу-жаттығу жиыны аясында Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері екі жолдастық кездесу өткізеді. 23 ақпанда «Ертіс» Тәжікстан алюминий зауытының «Регар-ТадАЗ» командасымен кездеседі. 25 ақпанда павлодарлықтар Термездің «Сурханымен» ойнайды. Клуб 1968 жылы «Чегарачи» (шекарашы) деген атпен құрылған.
Клуб ойындарды YouTube желісіндегі тікелей эфирде көрсетеміз деп уәде беріп отыр. «Регар-ТадАЗ» командасымен матч 14.00-де, «Сурханмен» 13.00-де басталады.
Жиын Ташкентте өтуде. Өзбекстандық дайындық кезеңін аяқтаған команда Шымкентте оқу-жаттығуларын жалғастыруды жоспарлап отыр.