Павлодарлық футболшылары бар құрама Ресейді тізе бүктірді

Павлодарлық футболшылары бар құрама Ресейді тізе бүктірді

Беларусь астанасы Минскіде 17 жасар футболшыларға арналған «Даму кубогі» өтіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы матчын Ресейге қарсы ойнап, қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктірді. 40-минутта жалғыз допты Эльхан Саидов соқты. «Ақсу» футболшылары Ілияс Әбіл мен Тамерлан Ағыманов бірінші минуттардан өнер көрсетіп, командасының жеңісіне үлес қосты.

Келесі матчты Александр Кузнецов шәкірттері ертең Өзбекстан құрамасына қарсы ойнайды. Айта кетейік, 2021 жылы Қазақстан құрамасы Беларусьте өтетін «Даму кубогінің» күміс жүлдегері атанған.

Фото: ашық дереккөздерден