Павлодарлықтар ел чемпионатынан олжалы оралды

Павлодарлықтар ел чемпионатынан олжалы оралды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңір спортшылары 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медальді еншіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебі баспасөз қызметінің мәліметінше, Теміртау қаласында академиялық есу бойынша 23 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Жарыс нәтижесі бойынша Анастасия Кулинич W4X және W4- санаттары бойынша бірінші орын, ал W2- санатында екінші орын; Милана Болтаева W1X және W4- санаттарында үшінші орын; Евгений Карижский мен Владислав Финк M2X санатында үшінші орынды иеленді.

Фотосурет жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің баспасөз қызметінен алынды