Павлодарлық спортшы жеңіл атлетикадан қола мен күміс алды

Павлодарлық спортшы жеңіл атлетикадан  қола мен күміс алды
Фото: №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

Ол спорттың екі түрі бойынша өнер көрсетті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

№1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің мәліметінше, Астана қаласында өткен жеңіл атлетика бойынша ересек жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты және Қазақстан Республикасының Кубогы жарыстарына өңіріміздің намысын қорғаған спортшылар барды. 

Жарыс нәтижесі бойынша Сейілжан Арынов биіктіктен секіруден және 400 метрге жүгіруден қола жүлдеге ие болды. Ал 200 метрге жүгіруден әйелдер арасында Мария Шувалова екінші келіп, күміс жүлдеге ие болды.