Павлодарлық кафеде бес адам жаппай иіс газдан уланған

Павлодарлық кафеде бес адам жаппай иіс газдан уланған
Фото: Константин Шелков

Зардап шеккендерді ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясына өткен жексенбіде кешкі сағат 18:05-те Шығыс өнеркәсіп аймағында орналасқан кафеде көміртегі тотығымен жаппай улану деген шақырту келіп түсті.

– Дәрігерлер сегіз минутта оқиға орнына жетті. Бес адам зардап шекті– 27 және 40 жастағы екі ер адам. Оларды орташа уланумен  №1 қалалық ауруханаға жеткізді,– деді станцияның баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ, 7 және 16 жастағы бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ал 62 жастағы зардап шеккен тағы бір ер адам көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызудан бас тартты.