Павлодар облысының қалалары мен аудандарында кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтуде
Жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы әдеттегі күндермен салыстырғанда 15-20 пайызға төмен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
14 наурыз күні облыстың үш қаласы мен он аудан орталығында жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Сондай-ақ 15 наурызда облыстың үш қаласында 56 сауда алаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады.
Павлодар қаласында – Достық, Усолка, Химқалашық, «Ласточка» шағын аудандарында және екінші Павлодарда.
Ақсу қаласында – Ақсу, 4-ші, 5-ші, 8-ші және 10-шы шағын аудандарында.
Екібастұз қаласында – 9-шы, 5А, 19-шы, 20-шы және 31-ші шағын аудандарында.
Сатылымға шығарылатын өнімдердің жалпы көлемі 360 тоннаны құрайды:
– сиыр еті – 22 тонна;
– жылқы еті – 18 тонна;
– шикі сүт – 8 тонна;
– картоп – 150 тонна;
– көкөністер – 62 тонна.
Жәрмеңкелерді өткізу тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді өніммен қамтамасыз етуге, сондай-ақ жергілікті өндірушілерді қолдауға бағытталған.