Хмельницкий ауылындағы металлург мемлекеттің көмегімен өз мал шаруашылығын ашты
Кәсібін жарты миллион теңгеден бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Хмельницкий ауылының тұрғыны Ардақ Қабденов 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасының қатысушысы. Жоба әрбір ауыл тұрғынының әл-ауқатын арттыруға негізделген.
33 жастағы малшы жастарды 2,5 пайызбен несиелеу бағдарламасы аясында 4,8 миллион теңге алып, 10 бас жылқы сатып алған.
– Үш жыл бұрын «Бизнес бастау» бағдарламасы туралы естіп, қатыстым. Одан 530 мың теңгелік грантқа ие болдым. Бірден екі сиыр сатып алдым, қазір олардың саны 12-ге жетті, — деді Ардақ Қабденов. – Биыл мен жас кәсіпкерлерге арналған жеңілдетілген шағын несие беру бағдарламасына өтініш беріп, жеті жылға бес миллион теңгеге шағын несие рәсімдедім. Бұл өте тиімді болды.
5 баланың әксі Ардақ Қабденов Павлодардағы зауыттардың бірінде шебер болып еңбек еткен болса, жары Ленин атындағы мектепте мұғалім болып жұмыс атқаруда.
– Көпшілік мал шаруашылығымен айналысуға қорқады. Бірақ қазір мемлекетіміз жас кәсіпкерлерге үлкен қолдау жасап жатыр, – дейді ол. – Ауылдың бәрі мал бағып жатқанын естіп, отбасыммен Шарбақтыға көшіп келдім. «Шыңғыс» ЖК аштым. Кеңейтіп, егін шаруашылығымен айналысуды жоспарлап отырмын. Себебі жердің құнары мол.
Хмельницкийдің қасында Маралды курорттық аймағы орналасқан. Малшы тайларды бордақылап, етін, саумал, қымызын нарыққа шығаруды жоспарлап отырмын. Жем дайын. Оның айтуынша, қуаңшылық оларға көп әсер етпеген.
Айта кететіні, Ардақ Қабденов өз ауылының көркейуіне де барынша үлес қосып жүр. Жақында ауылдың мешіті жанында асхана ашылады. Соған Ардақ Қабенов жаңа пешті сыйға тартпақ.
Әсия Серікова