Павлодарлық кәсіпорындар мен мекемелер толық ақпарат ұсынбағаны үшін жазалануда
Ең үлкен айыппұл – 5 миллион теңгеге жуық, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қуат Өтеуов мәлім етті.
– Ағымдағы жылы департамент сегіз әкімшілік іс қозғады. Мәселен, толық көлемде ақпарат ұсынбағаны үшін «УПНК-ПВ» ЖШС-не 4 900 800 теңге сомасыда айыппұл салынды, – дейді Қуат Өтеуов.
Спикердің айтуынша, дәл осындай ереже бұзушылықтармен «Павлодар-Водоканал» ЖШС-не 2 760 000 теңге, Павлодар облысының білім беру басқармасына 172 500 теңге сомасында айыппұл салынды.
Сондай-ақ, Екібастұз медициналық колледжі, Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Қазақстан электролиз зауыты, Павлодар облыстық балалар ауруханасы түрлі заңбұзушылықтар үшін жазаланған.