Павлодарда көлігіне рұқсатсыз арнайы жарық орнатқан жүргізуші ұсталды

Павлодарда көлігіне рұқсатсыз арнайы жарық орнатқан жүргізуші ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мұндай құқық бұзушылықтар жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіреді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық полиция департаментінің ресми парақшасының директіне жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу дерегі бейнеленген бейнежазба келіп түсті.

- Тексеру барысында полиция қызметкерлері Павлодар қаласындағы Деров көшесінде Lada автокөлігінің жүргізушісі тиісті рұқсатсыз көлік құралына қызыл және көк түсті арнайы жарық сигналдарын беретін құрылғыны заңсыз орнатқанын анықтады. Аталған құқық бұзушылық бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік материал толтырылды, – делінген хабарламада. 

Тәртіп сақшылары арнайы жарық және дыбыс сигналдарын пайдалану тек тиісті рұқсаты бар жедел және арнайы қызметтердің көлік құралдарына ғана рұқсат етілетінін еске салады. Әрі мұндай құқық бұзушылықтар жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.