Павлодар облысында екі орман қорғау мекемесі жаңа техникамен жабдықталды

Павлодар облысында екі орман қорғау мекемесі жаңа техникамен жабдықталды

Бұл көліктер жоғары қозғалғыштығына ие, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Айгерім Қабылтаева өртке қарсы жарақтандыруды нығайту жұмыстарымен бөлісті. 

– Уаз-Профи базасында Үрлүтіп және Максим Горький мекемелеріне алғашқы бес шағын орман күзет кешені жеткізілді. Бұл машиналар қазіргі заманғы өртке қарсы көліктер болып табылады. Олар өрт сөндіру машинасы қол жеткізе алмайтын орманды жерлерге өте алады, – деп жазды басқарма басшысы өзінің жеке парақшасында. 

Сондай-ақ  өрт орнына орман күзетінің бес адамға дейін жедел жеткізуге мүмкіндік береді. Көлік 500 литр су сыйымдылығымен, үш режимде жұмыс істейтін жоғары қысымды өртке қарсы қондырғымен жабдықталған: алшақтығы 5-тен 17 метрге дейін және минутына 80 литрге дейін жететін жинақы, жіңішке және көбік ағынды бүріккіштер бар. 

– Көлік өрт сөндіру жеңдерімен, оқпанмен және жоғары қысымды мотопомпамен жабдықталған. Ол секундына 6,5 литрге дейін қысым қуатын қамтамасыз етеді, – деп атап өтті Айгерім Қабылтаева.

Оның сөзінше, қол асты өрт сөндіру құралдары – рюкзак бүріккіштер, күректер, үрлегіш, шынжырлы ара, балталар, шартылдақ, киілетін мотор сорғысы, тұтандырғыш, қорғаныс көзілдірігі, респираторлар және алғашқы көмек жинақтары.

Жыл соңына дейін мекемелердің жабдықталу деңгейін 85%-ға дейін арттыру жоспарлануда.

Фото: Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы ұсынды