Павлодарлық трамвайларда вокалдық ансамбль ұжымдары халық әндерді шырқады

Павлодарлық трамвайларда вокалдық ансамбль ұжымдары халық әндерді шырқады
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл ҚХА-ның мерейтойына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қалалық трамвай басқармасы ұйымдастырған «Жүректерге жылулық» акциясына беларусь этномәдени бірлестігінің «Крыница» және «НҰР АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің «Ару-Ана» вокалдық ансамбльдері қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу аясында өткен «Достық үйі» шығармашылық топтарының өнер көрсетуі азаматтардың трамвайлардағы қарапайым жол жүруін жарқын әрі есте қаларлық сапарға айналдырды. Бүкіл маршрут бойы қазақ, орыс және белорус тілдерінде әдемі халық әндері шырқалды.

–        Жанды әуендер вагонды жылулық пен мейірімділікке толтырып, жолаушыларға қуаныш пен жағымды эмоциялар сыйлады. Олар қосылып ән айтып, видеоға түсіріп, қуаныштарымен бөлісті, – деді ҚХА Павлодар облысы бойынша филиалында.

Шығармашылық ұжымдар ұлттық киімде ән шырқап, жолаушылармен би биледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар Қоғамдық Келісім (@assembly_pavlodar)