Павлодарлықтарға аулалары мен үйлерін безендіруді ұсынды

Павлодарлықтарға аулалары мен үйлерін безендіруді ұсынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Армысың, Әз-Наурыз!» қалалық байқауы басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қалалық ішкі саясат бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындар өз аулалары мен кіреберістерін этностильде безендіріп қана қоймай, нағыз мереке рухын сезіне алады – қонақжайлық, бірлік және ұлттық дәстүрлерді сақтау шараның негізгі идеяларының бірі.

– Көпқабатты үйлердің тұрғындарына аулалары мен кіреберістерін Наурыздың мәдени мотивтерімен безендіру ұсынылады. Ұлттық нақыштағы декор, мерекелік инсталляциялар және басқа да шығармашылық шешімдерді қолдануға болады. Байқауға қатысуға өтінімдер ұжымдық және жеке түрде қабылданады», – делінген хабарламада.

Байқаудың басты критерийлері:

  • мерекені жаппай атап өту деңгейі;
  • киіз үйдің ішкі безендірілуі;
  • ұлттық тағамдарды таныстыру;
  • ұлттық киімдерді пайдалану;
  • ұлттық спорттық ойындарды ұйымдастыру;
  • дәстүрлер мен салт-жоралғыларды көрсету;
  • шығармашылық қойылымдар.

Сонымен қатар, қазылар алқасы аулалар мен кіреберістердің санитарлық жағдайын, лифт кабиналары мен ортақ пайдаланылатын орындардың тазалығын, эстетикалық безендірілуін, тұрғындардың белсенділігін, аумақты ретке келтіру мен абаттандыру шараларына қатысуын бағалайды.

Өтінімдер 19 наурызға дейін қабылданады.

Жеңімпаздар 21 наурызда анықталады, ал Наурыз мейрамының басты күнінде, 22 наурызда, орталық алаңда марапатталады.