«Жаңа толқын»: Павлодарда студенттермен тығыз қарым-қатынас орнату мәселелері талқыланды
«Ассамблея жастары» мен «Қоғамдық келісім» жұмысына арналған онлайн семинар өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Достық үйінде» өткен іс-шараның модераторы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Элина Масагутова болды. Сонымен қатар жиында «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев сөз сөйледі.
– «Жаңа толқын» – жастар үшін маңызды жобаларымыздың бірі. Бағдарлама аясында тренингтер мен мотивациялық кездесулер қажет. «Ассамблея жастары» – ҚХА жастары үшін ғана біріктіруші алаң емес. Біз барлық жастармен этникалық тегіне қарамай жұмыс істеуіміз керек, – деп Тимур Джумурбаев өз сөзінде бұл жобаның маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, спикер жастардың республикалық іс-шараларын өткізу және студенттермен тығыз қарым-қатынас жасау орындарын кеңейту жоспарланып отырғанын айтты.
«Ассамблея жастары» РҚБ Павлодар облыстық өкілдігінің басшысы Рамиль Смаилов республикалық семинарға қатысушылармен «Қоғамдық келісіммен» бірлескен іс-шаралар өткізу тәжірибесімен бөлісті. Олардың барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Оның айтуынша, соңғы «Green PVL» жобасы – жас буынның экологиялық тақырыптағы фильмдерді бірлесіп көру арқылы, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыруға негіз болды.
Алдағы уақытта басшы «Достық үйлерінің» жұмысындағы жаңа тәсілдерді ескере отырып, «Ассамблея жастары» РҚБ мен «Қоғамдық келісім» мекемесі өзара іс-қимылы бойынша бірлескен вебинар ұйымдастыруды ұсынды. Семинарға қатысушыларға идея ұнады, қажет болған жағдайда оны жүзеге асыруға қолдау көрсетіледі.
Айта кетейік, іс-шарада «Ассамблея жастары» көшбасшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары болып табылатыны айтылды.