Павлодарлық оқушылар пәндік олимпиадада білімдерін саралады
Шараға қаланың 43 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласының білім бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, № 7 орта мектепте математика, физика, биология, химия, география, информатика пәндерінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді.
– Бұл жарыстың мақсаты – зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге қызығушылықты дамыту, түрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысу, олимпиадалық резерв құру. Қаланың 43 жалпы білім беретін мектебінен 379 оқушысы қатысты, – дейді бөлімде.
Олимпиада шарттары бойынша қатысушылар математикалық, химиялық және физикалық есептерді шешіп, информатика бойынша бағдарлама жазды, биология және география бойынша теориялық және практикалық тапсырмаларды орындады.
Олимпиада қорытындысы бойынша 192 оқушы жүлделі орындарға ие болып, Павлодар қаласының білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.
Бірінші орынды № 39, 2, 25, 17, С. Торайғыров атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Қ. Мақпалеев атындағы, М. Әлімбаев атындағы, Кенжекөл мектептерінің 12 оқушысы иеленді.
Айта кету керек, қалалық кезеңнің жеңімпаздары қараша айында облыстық олимпиада турына қатысады.