Павлодарда тоғызқұмалақтан әлем чемпионаттарының жүлдегерлері бас қосады

Қалалық чемпионатқа ондаған қатысушы жиналады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, «Тоғызқұмалақ – ақыл-ой ойыны» атты сайыс Наурыз мейрамы мен Ұлттық спорт күніне орай өтпек.
Айта кетейік, тоғызқұмалақ – логикалық ойлау мен зейінді дамытатын қазақтың ұлттық интеллектуалдық ойыны.
Қалалық чемпионатқа тоғызқұмалақтан спорт шебері, халықаралық дәрежедегі төреші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жоғары санаттағы судья, тоғызқұмалақ бойынша әдістемелік бағдарламалардың авторы Шәріп Қашкенов, сондай-ақ әлем, Азия және Қазақстан чемпионаттарының жүлдегерлері шақырылды.
Сайыс 20 наурыз күні сағат 11:00-де С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада өтеді.