Павлодарлық полигонда экологиялық жағдайға мониторинг жүргізілді

Павлодарлық полигонда экологиялық жағдайға мониторинг жүргізілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Іс-шарада қалдықтарды басқару және экологиялық талаптарды сақтау мәселелері көтерілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы Өңірлік экологиялық кеңестің қатысуымен №1 қалалық қоқыс полигонында шығу мониторингі өтті. Шараның мақсаты – полигонның қазіргі жағдайын бағалап, қалдықтарды басқару процесіне қатысушылармен өзекті экологиялық мәселелерді талқылау болды.

Мониторингке Экологиялық кеңестің мүшелері, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен Экология департаментінің өкілдері, сондай-ақ «Спецмашина» ЖШС, «Эко Алем» ЖШС және «Эко Сервис» ЖШС-ның басшылары мен мамандары қатысты.

Қатысушылар полигон аумағын аралап, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және сақтау талаптарымен танысты. Қоршаған ортаға кері әсерді азайтуға бағытталған іс-шаралар да қаралды.

«Эко Алем» және «Эко Сервис» ЖШС өкілдерімен өткен кездесуде қалдықтарды сұрыптау және кәдеге жарату мәселелері, нысанның санитарлық жағдайы, сондай-ақ қайта өңдеу технологияларын енгізу бойынша жоспарлар талқыланды.

Өңірлік экологиялық кеңес мүшелері экологиялық нормалардың орындалуына тұрақты бақылау жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен жекеменшік сектор арасындағы тиімді әріптестікті нығайту қажеттілігі айтылды.