Павлодарлық полицейлер ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шаралар өткізуде

Павлодарлық полицейлер ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шаралар өткізуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ата-аналар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Полиция қызметкерлері түнгі уақытта тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізіп келеді. Ойын-сауық орындарының иелері кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүруіне қатысты қолданыстағы заң талаптарын жақсы біледі. Алайда кейбірі материалдық пайда үшін бұл талаптарды елемей жатады.

Кезекті рейд ювеналдық полиция қызметкерлері мен білім беру саласының мамандарының қатысуымен өткізілді.

– Полицейлер кәмелетке толмағандар болуы мүмкін орындарды тексерді. Полиция мен мектеп есебінде тұрған отбасылардың пәтерлеріне барды. Қызметкерлер балалармен және ата-аналармен ғана емес, көршілермен де сөйлесіп, отбасындағы жағдайды зерделеді. Павлодар тұрғындары жекелеген отбасылардың ғана емес, жалпы құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүдделі екенін көрсетті, – деді облыстық полиция департаментінде. 

Тексеру барысында пәтерлердің бірінде ата-аналардың алкогольдік масаң күйде болғаны және спирттік ішімдік ішкені анықталды. Қазіргі уақытта материалдар сотқа жолдау үшін дайындалуда, онда ата-аналардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, кәмелетке толмағандардың одан әрі тұратын орны айқындалатын болады.

Түн ортасында полиция қызметкерлері компьютерлік клубтарда ата-анасының еріп жүруінсіз жүрген сегіз кәмелетке толмағанды анықтады. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында заңды өкілінсіз жүргені үшін ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз болуына жол бергені үшін мекеме әкімшілігі  де жауапкершілікке тартылды.