Павлодарда ашық аспан астындағы кезекті көркемсурет галереясы ұсынылды
Суреттер Ломов көшесінен Шөкин көшесіне дейін Назарбаев даңғылы бойында орналастырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Ерке Ертістің жағасында...» атты жаңартылған 12 картинадан тұратын кезекті көркемсурет галереясы ҚР және Павлодар облысы Суретшілер одағы мүшелерінің туындыларынан құрылған.
– Жерлестеріміздің суреттері Ертіс жағасында орналасқан Павлодар қаласының әсемдігін бейнелейді. Бұл – барлығымыз білетін және жақсы көретін шаһарымыздың көрнекті орындары. Қала әкімдігінің бастамасымен жүзеге асқан осындай керемет көркемсурет галерея дәстүр бойынша биыл да өз жалғасын тауып, көшелерімізді одан әрі көркейте түсті, – дейді ҚР Суретшілер одағының мүшесі, өнертанушы Ольга Пашко.
Экспозицияда павлодарлық суретшілер – Ө.Шоранов, Ә. Игембаев, Е. Азаров, А. Қисамиденова, Е. Фридлин, А. Солтанбаев, З. Асылғазина, Ж. Қабылдинов, С. Әбішева, Ж. Таниева, Т. Чевтаева және Г. Дайырованың шығармашылық жұмыстары көрсетілген.
– Өнерпаздарымыздың еңбегі күллі әлемге біздің сүйікті қаламызды танымал етеді. Ашық аспан астындағы суретшілердің шығармалары көрген жанды тамсандырады. Көркемсурет музейіне барып, суретшілердің өзге де туындыларын көруге болады. Бұл көркемсурет галереясы қала тұрғындарының жиі серуендейтін сүйікті орнына айналары сөзсіз, – дейді Ольга Пашко.
Посмотреть эту публикацию в Instagram