Тереңкөл ауданының бір ауылы ескі атауын қайтарғысы келеді
Құжаттар облыстық ономастика комиссиясына жіберілген, деп хабарлайды @Pavloarnews.kz тілшісі
Верненка ауылдық округі бұрын халық арасында Алтай деп аталған. Ауылда Киров атты колхоз болған соң бір кездері солай аталып кеткен. Кейіннен Львовка деп өзгертілген. Енді жергілікті тұрғындар бұрынғы атауын қайтарғысы келеді.
– Биыл ауыл жиынның шешімі бойынша Львовка ауылын Алтай деп өзгертуді шештік. Барлық қажетті құжаттарды ономастика комиссиясына жібердік. Оң нәтиже шықса, Алтай ауылдық округі және Алтай ауылы деген атау беріледі, – деді Верненка ауылдық округінің әкімі Алтынай Дүйсембаева.
Оның сөзінше, бүгінде ауылда 587 адам тұрады. Оның ішінде 93 оқушы мен 56 мектеп жасына дейінгі бала бар.