Павлодарлық самбошылар Мәскеуде өнер көрсетті

Павлодарлық самбошылар Мәскеуде өнер көрсетті
Фото: Константин Шелков

Олар сегіз медаль жеңіп алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мәскеудің Лужники қаласында самбо спорты бойынша «Достық кубогы-2024» әлем кубогының финалдық кезеңі өтті. 

Жарысқа 27 елден 246 спортшы қатысты. Самбо турнирінде 90-нан астам үздік спортшы бақ сынады. Қазақстан құрамасының қоржыны 18 медальмен толықты, оның сегізін павлодарлықтар жеңіп алды.

Дәлірек айтқанда, Сергей Вальтер, Кристина Гордиенко, Элина Конради, София Әжібаева, Владимир Саакян, Илона Козина, Евгения Смоленкова, Агния Әжібаева, Федор Хабаров сынды павлодарлық спортшылар төрт алтын, үш күміс және бір қола жүлдеге қол жеткізді.