Павлодар облысында мамыр айында ХҚКО-лардың жұмыс кестесі қандай?

Павлодар облысында мамыр айында ХҚКО-лардың жұмыс кестесі қандай?
Фото: Константин Шелков

Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар 1, 7, 9 мамыр күндері жұмыс істемейді, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мамыр айындағы жұмыс тәртібі өзгереді.  Себебі, қазақстандықтар бұл айда үш мемлекеттік мерекені атап өтеді. Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде мамандандырылған орталықтар 1, 7, 9 мамыр күндері жұмыс істемейді.

– 4 мамырда орталықтар кешкі сағат 18:00-ге дейін, кезекші орталықтар 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді, – деді баспасөз қызметінде. – Ал, 8 мамыр күні тек кезекші ХҚКО-лар мен кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар ғана жұмыс істейді. Жұмыс уақыты 13:00-ге дейін жалғасады.

10 мамырдан бастап фронт-офистер әдеттегі жұмыс режиміне оралады: ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, кезекші болып бекітілген орталықтар жұмыс күндері 9:00 – 20:00 аралығында, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.