Павлодарлық боксшы әлем чемпионатының медальдары үшін тартысады

Павлодарлық боксшы әлем чемпионатының медальдары үшін тартысады

Серік Теміржанов Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінде екі жекпе-жек өткізіп үлгерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бүгін 10 мамыр күні жерлесіміз өзбек астанасында ширек финалдық кездесуде кубалық былғары қолғап шебері Сайдель Ортамен тартысады. Осы сында жеңіске жеткен боксшы жартылай финалға шығып, кем дегенде қола медальге ие болады. Жекпе-жек сағат 15:20-да басталады.

Бұған дейін Серік Теміржанов Мали боксшысы Абдул-Кәрім Батилиді, әрі қарай Ертіс ауданының тумасы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Роланд Варошты ұтты.

Естеріңізде болса, Серік Теміржанов – 2021 жылғы әлем мен 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.