Павлодарлық спортшылар жеңіл атлетикадан ҚР турнирінде жақсы нәтиже көрсетті

Павлодарлық спортшылар жеңіл атлетикадан ҚР турнирінде жақсы нәтиже көрсетті
Фото: pexels.com

Олар жарыстың алғашқы күнінде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

20-24 ақпан аралығында Өскеменде жеңіл атлетикадан республикалық турнирі басталды. О. Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы чемпионатқа павлодарлық спортшылар да қатысып, нәтиже көрсетті. Жарыстың бірінші күні Павлодар облысының жоғары спорттық шеберлік мектебінің спортшылары Кристина Ермола 60 метрге жүгіруде екінші орынды, ал 4×400 метр (микс) эстафетада Максим Миронов, Диана Трофименко, Әділ Омарбеков және Мария Шувалова құрамында екінші орынды иеленді.

Айта кетейік, жарыс кезінде Қазақстанның 18 өңірінен жиналған 437 жас спортшы бақ сынасады.

Бұл шара еліміздің спорттық өмірінде ерекше орын алады, себебі ол 25 жыл бойы дене тәрбиесі мен спортты дамытуға зор үлес қосқан орталықтың мерейтойына арналған.

Турнир жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, жеңіл атлетиканың дамуына жаңа серпін беретін маңызды оқиға болып табылады.

Турнир 24 ақпанға дейін жалғасады.