Павлодарлық статистер өңірде мал шаруашылығы өседі деп болжап отыр

Павлодарлық статистер өңірде мал шаруашылығы өседі деп болжап отыр
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Егін болмағанымен, мал шаруашылығы ауылшаруашылық көрсеткіштерін жоғары деңгейде ұстап тұр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының статистика департаменті басшысының орынбасары Жанар Мағзамова мәлім еткендей, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында өндірілген жалпы өңірлік өнім көлемі бір триллионнан астам теңгені құрап, нақты көлем индексі жүз пайыздан асты. Негізгі бөлігі облыс экономикасының 45 пайызын құрайтын өнеркәсіп саласына тиесілі.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар 2025 жылдың барлық кезеңінде екі триллион теңгеге жуық өнім өндірді. Машина жасау, дайын металл бұйымдары, кокс және мұнай өнімдерін өндіру есебінен көлем әр уақытта артып отырады.

Облыста ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 91 миллиард теңгені құрады.

– Ауыл шаруашылығы көрсеткіштері бойынша қалыпты, бірақ бәрібір қалғандарынан төмендеу болып отыр. Қазіргі уақытта малдың азаюы байқалды, өйткені қазір егін жоқ және барлық көрсеткіштерді мал шаруашылығы тартып жатыр. Егін тамыз-қыркүйек айларында ғана жиналады, – деді Жанар Мағзамова.

Статистика мамандарының болжамы бойынша, жалпы облыста мал санағы жүргізілсе, мал басының көрсеткіштерінің жақсаруына мүмкіндік бар. Шаруалардың көбі көп мал есепсіз қалғаны айтуда. 

Сондай-ақ облыста құрылыс жұмыстарының да көлемі айтарлықтай артып, экономикаға оң әсерін тигізуде. Құрылысқа, күрделі жөндеуге және жоспарлы қайта құруға 137 миллиард жұмсалып жатыр. Көпір, жаңа жолдар мен магистральдық жылу құбырларының салынуы осы саланың биылғы көрсеткішін арттырып отыр.

Жұмыстың басым бөлігі жеке құрылыс ұйымдарының мойнына түсіп, 0,1 пайызын ғана шетелдік мердігерлер атқарған.

311 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның 253-і тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы бір жарым миллион шаршы метрден асып, өткен жылмен салыстырғанда 1,3 пайызға артық болды.