Павлодарлық студент пен жетекшісі бизнес-стартап байқауында үздік атанды

Павлодарлық студент пен жетекшісі бизнес-стартап байқауында үздік атанды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар «ӘРЕКЕТ-2025» бизнес-стартап жобаларының III республикалық конкурсына қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Байқау Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде өтті, онда еліміздің түрлі өңірлері мен қалаларынан 52 команда бақ сынады.

Конкурста Торайғыров университетінің тұлғалық даму және білім беру кафедрасының бес командасы оқу орнының намысын қорғады.

–     «MindCare» командасы, құрамында психология факультетінің 2- курс студенті Алика Хамитжанова мен қауымдастырылған профессор Анар Попандопуло 150 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық пен бірінші орын иеленді, – деді университет әкімшілігінде.

Конкурс екі негізгі бағыт бойынша өтті: «Әлеуметтік және IT жобалар», «Өндіріс және қызмет көрсету» бағыты. Бірінші іріктеу кезеңі 2025 жылғы 29 наурызға дейін онлайн форматта өткізіліп, қатысушылар өз жобаларын қашықтықтан қорғаған болатын.

Финалдық кезеңде қатысушылар өз жобаларын офлайн форматта қорғап, білікті қазылар алқасының бағалауынан өтті.

Байқау барысында қатысушылар өз жобаларын кәсіби деңгейде тәжірибелі сарапшылар мен инвесторлардың алдында таныстырды.