Павлодарлық суретшілер Словакиядан бағалы сыйлықтар алды
Дунайска-Стреда қаласында «Цытноостровские пастелки – 2024» XXV халықаралық көрмесі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Іс-шараға ЮНЕСКО балалар көркемсурет мектебі-клубы 5-7 жас аралығындағы оқушылардың 30 жұмысын жіберді. Іріктеу турының қорытындысы бойынша оқушылардың екі жұмысы көрмеге қойылды. Байқау жеңімпаздары жеті жастағы Милана Колесникова гуашь техникасында орындаған «Мен суретшімін!» жұмысы үшін, бес жастағы Милана Жақсылықова гуашь техникасында орындаған «Күн» жұмысы үшін жұмысы үшін жеңімпаз атанды. Жетекшілері – Гүлнар Мұхаметқалина, Инна Масленникова.
Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды: көркем материалдар, қуыршақтар және байқау эмблемасы бар футболкалар.
– Байқауға әлемнің түрлі елдерінен келген мектеп жасына дейінгі балалар ғана қатысады. Бұл – өте қызықты байқау, қазылар алқасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген балалардың көзқарасын, олардың дүниетанымын бағалайды. Біздің ең жас суретшілеріміз бен олардың ата-аналары мен тәрбиешілерінің үшін шығармашылық дамуға үлкен серпін береді, – дейді мектеп директоры Ләйля Мағзамова.
Милана Колесникова – халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Ярославль қаласында өткен «Ликующий мир красок-2023», Мәскеу қаласында өткен «Шекарасыз балалық шақ» 2024 жыл байқауының екінші дәрежелі лауреаты.