Павлодарлық суретшілердің жұмыстары Ресейде үздік деп танылды

Павлодарлық суретшілердің жұмыстары Ресейде үздік деп танылды
Фото: Көркемсурет мектебі

Байқауға әртүрлі елден екі мыңға жуық суретші қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnewz.kz тілшісі.

Ресейдің Ярославль қаласында өткен «Түстер әлемі» байқауына Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің 30 оқушысы өз жұмыстарын ұсынды. Іс-шараға Ресей, Беларусь, Қазақстан, Молдова, Эстония, Қытай, Сербия ұйымдары қатысушыларының 1930-дан астам жұмысы түсті.

Байқау шарттары бойынша қатысушылар өз жұмыстарында «Менің арманымдағы қала», «Мың жылдықтар арқылы...», «Болашақты жасаушылар» тақырыптарына «Болашаққа көзқарас» тақырыбында сурет салу керек болған.

– Мұндай беделді байқауда оқушыларымыздың жұмыстары аталып өткені қуантарлық жағдай. Қатысушылардың барлығы өте талантты және еңбекқор, қиялдауды және армандауды жақсы көреді, – дейді балалар көркемсурет мектебі басшысының орынбасары Гүлнар Мұхаметқалина.

Байқау қорытындысы бойынша павлодарлық жас өрендер екі жүлделі орынға ие болып, үздік жұмыстары үшін үш аталым алды.
12 жастағы Эвелина Саворовская аралас техникадағы «Планета аралық ынтымақтастық» жұмысымен бірінші дәрежелі орынға ие болса, тоғыз жастағы Малика Кужасова гуашь техникасындағы «Аспан аралдары» жұмысымен екінші орынды иеленді.  

Сонымен қатар, Анастасия Григораш – «Ғылымнан шығармашылыққа», Әділ Кужасов  –  «Өзгерістер желі»,   Арина Барт  – «Менің арманымдағы қала» жұмыстары үшін марапатталды.