Павлодар облысының ерекше қажеттіліктері бар балалар ән фестивалінде өнер көрсетті
Өңірдің әр аудан қаласынан келген бала сахнаға шығып, «жұлдызды» сәтін сезінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Звёздочка» атты инклюзиялық фестиваль жастар бастамаларын дамыту орталығында өтті. Оған ерекше балалар қатысып, ортаға ән салды.
«Алтын бата» қоғамдық ұйымның басшысы Евгения Стельваганың сөзінше, бірнеше ауданнан балалар қуана келді.
– Біз 15 адамнан артық бала болмайды деп ойладық. Бірақ өтінімдер одан да көп болып шықты. Фестивальге 23 ерекше бала қатысты. Біздің өңірімізі шығармашылық таланттарға өте бай,– деді ол.
Қатысушылар өлеңдер оқып, би билеп, ән шырқады.
Ұйымдастырушының сөзінше, кез-келген шығармашылық ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалтудың әдісі ретінде саналады. Болашақта қоғам белсенділері ақпарат және қоғамдық даму басқармасына сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері бойынша шараларды кеңейтуді ұсынады.
Балалардың қойылымы көрермендерге қуаныш сыйлады. Шара соңында барлық қатысушылар дипломдар, тәтті сыйлықтар және «Batyr Mall» СҮ баруға сертификаттар берілді.