Павлодарлық сүйіктісінің терезесіне автокөтергішпен көтеріліп, жар болуын сұрады

Павлодарлық сүйіктісінің терезесіне автокөтергішпен көтеріліп, жар болуын сұрады
Фото: видеодан скриншот

Ерекше романтикалық қадам жұртты тәнті етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кейде бақыт үшін гүл шоғы, жүзік, аздап батылдық және автокөтергіштің өзі жеткілікті. Дәл осындай ерекше романтикалық қадамға Павлодар тұрғыны барып, әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.

Қала аулаларының бірінде түсірілген бейнеролик санаулы сағаттың ішінде мыңдаған қаралым мен пікір жинады. 

Желі қолданушылары бұл әсерлі сәтке бейжай қарай алмады.

«Ол оған шабыт береді. Бақытты жандарға қарап сүйсінесің. Жас жұбайларға бақыт тілеймін!» – деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.

Бейнероликке, әсіресе, әйелдер қауымы ерекше ықыласпен үн қатты. Көпшілігі павлодарлық жігіттің бұл әрекетін нағыз ерлікке теңеп, ертегідегідей махаббат хикаясына ұқсатты.

Тағы бір павлодарлық әйел бұл бейнеролик өз өміріндегі ерекше сәтті есіне түсіргенін айтты.

«Жас жұбайларға бақыт тілеймін! Бір жастықта қартайсын! Тіпті, көзіме жас келді. Бір жыл бұрын жолдасым маған үйленуге ұсыныс жасап, мен «иә» деген едім», – деп жазды ол.

Ең әсерлі сәттен кейін романтика мұнымен аяқталған жоқ. Жерге түскен соң жігіт жазғы жаңбыр астында билей бастады. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл көріністі қызыға тамашалады. Сонымен қатар, сүйіктісі сыртқа шығып, оның ерекше сәтін бірге бөліседі деп үміттенді. Көпшілік романтикалық оқиғаның жалғасын тағатсыздана күткендерін жасырмады.

Айта кетейік, Павлодар облысында мұндай ерекше махаббат ұсыныстары алғаш рет болып отырған жоқ. Мамыр айында Тереңкөл ауданының полиция бөлімінде де әсерлі тосынсый ұйымдастырылды. Полиция жүргізушісі Евгений Дорошенко әріптесі Арина Исаковаға үйленуге ұсыныс жасады. Бұл ерекше сәт қыздың туған күнімен тұспа-тұс келді. Әріптестерінің алдында ол сүйіктісіне сезімін білдіріп, өзіне жар болуын сұрады.

Павлодарда романтика сәннен қалған емес. Бірі сүйіктісіне биікте үйленуге ұсыныс жасаса, енді бірі қызметтік міндетін атқарып жүріп жүрекжарды сезімін білдіреді. Бірақ бәрін біріктіретін бір нәрсе бар – бақытты күлкі, шынайы эмоциялар және әдемі махаббат хикаяларының дәл жанымызда өмір сүріп жатқаны.