Павлодардың тумасы Президентке хат жазды

Павлодардың тумасы Президентке хат жазды
Фото: Кемел Жүсіповтың парақшасынан

Павлодарда дүниеге келген Кемел Жүсіпов ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған хатында өз арманы туралы жазған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Менің есімім Сіздің әкеңіздің аты сияқты Кемел. Бүгін менің туған күнім және 12 жыл бұрын 4 желтоқсанда менің ата-анам маған осы есімді қойған. Мен Астанада тұрамын және осында оқимын», – деп жазған хаттың авторы. 

Сондай-ақ ол Президентті көруді және «Әке туралы ой-толғау» атты кітабын алғысы келетіні жайлы арманын жазған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кемель Жусупов (@_kemel_zhussupov)

Кемел Жүсіпов әлеуметтік желісіндегі парақшасында арманы орындалғаны туралы жаңалықпен бөлісті. 

«Кемел Жүсіповке. Бақытты өмір тілеймін! Азамат бол!. Ізгі ниетпен Тоқаев», деп жазылған кітаптың мұқабасында. 

Жеткіншек Қазақстан және Дүние жүзі тарихын, георграфияны жақсы көретінін әрі зерттейтіні, әртүрлі елдердің банкноттары мен монеталарын жинайтыны, саяхатқа шыққанды ұнататыны жайлы да айтып өткен.  Оның арманы – бүкіл әлемді аралап шығу.