Павлодарлық театрдың қазан айына арналған репертуары ұсынылады

Павлодарлық театрдың қазан айына арналған репертуары  ұсынылады
Фото: Константин Шелков

Айдың басы лирикалық комедиямен басталмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

1-4 қазан аралығында Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры Талдықорған қаласында өтетін «Biken» халықаралық театр фестиваліне қатысады. 

8 қазан күні сағат 10:00-де балаларға «Айлакер түлкішек» қойылымын дайындаса, 17:00-де «Махаббат хикаясы» атты лирикалық комедия жанрында құрастырылған қойылым ұсынылады. 

10 қазан күні сағат Баянауыл ауданы Майқайың кентінде «Балалық шаққа саяхат» қойылымы көрсетіледі. 

11 қазан күні сағат 16:00 және 18:30-да павлодарлық көрермендерге «Қызыл гүлдер» қойылымы жол тартпақ. 

12-15 қазан аралығында театр ұжымы Петропавл қаласында өтетін Жүргеновтің 125 жылдығына арналған  Қазақстан драма театрларының 19 фестиваліне қатыспақ. 

17 қазан күні «Қожа мен спорт» қойылымы өтеді. Бұл қойылым ертегі жанрында дайындалған. 

Ал 18-і күні Қ.Аманжолдың «Ұрылар» комедиясын ұсынады. 

20 қазанда «Болмаған оқиға» драмасы, 21 қазанда «Қымбатты Елена Сергеевна!» психологиялық драмасы көрерменге жол тартпақ. 

Айта кету керек, 25-30 қазан күндері театр ұжымы Мәскеу қаласында өтетін жетінші халықаралық «Подмосковные вечера» фестиваліне қатысады.