Павлодарлық тұрғын банкоматта ақшасын ұмытып кеткен

Павлодарлық тұрғын банкоматта ақшасын ұмытып кеткен
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Есіне түскеннен кейін дереу полицияға қоңырау шалған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Салтанат Мұқарова банкоматтан ақша алу кезінде ақшасын ұмытып кеткен. Дүкенде  ақшаны ақшақабылдағышта қалдырып кеткені есіне түскен кезде бірден полицияға қоңырау шалған. 

Біздің учаскелік полицей Айбек жедел түрде шақыруды пысықтап, камераларды қарап, менің ақшамды алып кеткен адамды тапты. Жедел араласуды қажет ететін мәселені шешуде жедел жұмыс, кәсібилік танытқаны үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздің бұл әрекеттеріңіз жауапкершілік пен қызметке деген адалдықтың үлгісі болды. Бұл зор құрмет пен ризашылықты тудырады. Сізге зор денсаулық, қызметте табыс және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін, – деп жазды тұрғын. 

Тәртіп сақшысының бұл әрекетіне разы болған ол Павлодар қаласы полиция басқармасы орталық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Айбек Каңтарбаевтың атына алғыс жолдаған.

Айта кетейік, тәртіп сақшысы полицияда 22 жыл еңбек етеді. Қызмет көрсетілетін аумақта учаске тұрғындардың мәселелері мен жағдайларына назар аудара отырып, өзін жауапты қызметкер ретінде көрсете білген.