Павлодарда жеті автобус бағыты әлеуметтік маңызы бар тізімге енгізілді
Мәслихат депутаттары қаланың қоғамдық көліктерінде жолаушыларды тасымалдау бойынша қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесін қарастырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық мәслихаттың мәліметінше, жиынға құзырлы мемлекеттік мекемелер мен қызмет көрсететін кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Тұрғындар тарапынан депутаттардың атына кейбір бағыттарға қатысты шағымдар түсуде.
– Талдау нәтижесі негізінен қаланың әлеуметтік маңызы бар маршруттардың тізбесіне енгізілмеген жеті қалалық маршруттар бойынша проблемалар бар екенін көрсеткен. Бұл – 003, 3, 5, 11, 115, 126, 152 бағытта жүретін автобустар, – дейді депутаттар.
Облыс әкімі Асайын Байхановтың қолдауымен қалған 34 бағыттың жетеуі әлеуметтік маңызы бар бағыттар тізбесіне енгізілді және келесі жылдың басынан бастап тиісінше бюджеттен субсидиялауға жататын болады. Сәйкесінше олардың тиімділігі де артады.
Депутаттардың пікірінше, тасымалдаушы кәсіпорындар жолаушылар тасымалын көрсетудің жоғары сапасын, оның ішінде қозғалыс аралығын қысқартуды, автобус паркін жаңартуды, олардың класын арттыруды және басқа да қажетті іс-шараларды қамтамасыз етуі тиіс.
Қала әкімі Хасар Хабылбеков жолаушылардың жол жүру көлік карталарын пайдалануын барынша жеңілдету міндетін қойды, бұл ретте жолаушылардан қосымша анықтамалар мен құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
Сонымен қатар, автобус аялдамалары мен бірқатар қала көшелердің жаңа атауларын мемлекеттік тілде хабарлау жөнінде мәселе көтерілді.