Павлодарлық зейнеткер республикалық жарыста ең жүйрік атанды

Павлодарлық зейнеткер республикалық жарыста ең жүйрік атанды
Фото: @otdel_soczashita_pvl

Астана қаласында дуатлоннан республикалық жарыс өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, белсенді ұзақ өмір сүру орталығына келуші Назигүл Әліпова елордада өткен аталмыш додада алтын медальға ие болды.

– Назигүл Әліпова ерекше төзімділікті, күш пен табандылықты көрсете отырып, лайықты бірінші орынды жеңіп алды. Біз оның жетістіктерін мақтан тұтамыз және табандылық пен белсенді өмір салтының үлгісі үшін алғыс айтамыз! – деді белсенді ұзақ өмір орталығында.

Орталық 2021 жылғы 1 қарашада қала әкімдігінің қаулысымен ашылды. Орталық зейнеткерлік жастағы – өзіне қызмет көрсету және белсенді жүріп-тұру қабілетін сақтаған азаматтардың демалысын ұйымдастыру мен түрлі іс-шаралар өткізуді қоса алғанда, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық және өзге де қызметтер көрсетуге арналған.