Павлодар облысында ортағасырлық өнерді дамытуға ниетті

Бұл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жоспары, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық мәслихаттың жастар және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында басқарма басшысы Азамат Имашев мәлім етті. Облыстың бас спортшысы басқарманың 2024 жылға арналған жұмысы туралы баяндап, депутаттарды биылғы жылға арналған жоспарларымен таныстырды.
– Бүгін біздің алдымызда бірлескен күш-жігерді қажет ететін маңызды міндеттер тұр. Басқарма Павлодар облысында олимпиадалық, ұлттық және паралимпиадалық спорт түрлерін қолдау және бұқаралық спортты дамыту бойынша жұмысты жалғастырады, - деп атап өтті Азамат Имашев.
2025 жылы басқарма өкілдері семсерлесу, каноэ және байдарка, асық ату, тоғызқұмалақ, шахмат, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, шаңғы спорты, биатлон, бокс, еркін күрес, дзюдо, грек-рим, еркін күрес бөлімдері мен Ақсу мен Екібастаұзда мүгедектігі бар адамдарға арналған боччадан бөлімшелер ашуды көздеп отыр.
Семсерлесу – қоян-қолтық ұрыста суық қаруды қолданатын спорт түрі. Термин немістің fechten сөзінен шыққан, ол «күресу» дегенді білдіреді. Спортшының міндеті – қарсыласын спорттық қылышпен шаншып, өз кезегінде өзіне соққы келтірмеу. Спорт ортағасырларда Еуропада дамыды.