Павлодарлық жанкүйерлерді қызықты футбол кеші күтеді
Кездесу Қазақстан Премьер-Лигасы аясында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Сенбі күні «Ертіс» клубы өз алаңында «Алтай» командасын қабылдайды. Кездесу «Орталық» стадионда өтеді. Ойынның басталуы – сағат 15:00.
Клуб мүшелерінің сөзінше, команда үшін бұл маусымдағы алғашқы жеңіске жету жолындағы маңызды ойындардың бірі болмақ. Сондықтан павлодарлық футбол сүйер қауымды ойынның куәгері болуға шақырады.
Ойынға билеттерді стадион кассаларында немесе Ticketon сайты арқылы алдын ала сатып алуға болады.
Айта кетейік, бұған дейін павлодарлық киберспортшы тоғыз тур аясында «Астананы» 5:4 есебімен жеңіп, бірінші орынға көтерілді. Осылайша «Ертіс» құрама командасы киберспортта көш бастады.